КХДР әскери барлау спутнигін ұшыруды жоспарлап отыр

479

КХДР көшбасшысы ресми құрылымдарға барлау спутниктерін ұшыруға дайындалуға бұйрық берді. 

КХДР әскери барлау спутнигін ұшыруды жоспарлап отыр Фото: cdnuploads.aa.com.tr

КХДР жетекшісі Ким Чен Ын Пхеньян өз жоспарына сәйкес әскери барлау спутнигін ұшыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік КХДР көшбасшысы ресми құрылымдарға барлау спутниктерін ұшыруға дайындалуға бұйрық бергенін айтады.

Бұған дейін КХДР Жапон теңізі бағытында баллистикалық зымыран ұшырды деп хабарланған болатын.

Зымыран Нампхо қаласы аумағынан Астана уақытымен сағат 15:20-да ұшырылды. Жапонияның Хоккайдо аралында КХДР зымыранының құлауы мүмкін екендігі туралы хабарланғандықтан, елдің солтүстігіндегі автомобиль жолдарында жүрдек пойыздар мен көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу