Қиранды астында қалған 4 адамның екеуі мерт болды

664

Ал екеуінің жағдайы әлі де ауыр.

Қиранды астында қалған 4 адамның екеуі мерт болды

Шымкентте 4 адамды үйдің қабырғасы басып қалған. Оның екеуі оқиға орнында тіл тартпай кетсе, қалғандары ауыр халде ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жазатайым оқиға, қалаға қарасты 112-ші орамдағы жеке тұрғын үй аумағында 9 мамыр күні кешкі уақытта орын алған. Төрт адам туыстарының ескі үйін бұзып жатқан кезде биіктігі үш метрге жуық баспананың қабырғасы құлап кетіпті.

Қирандының астында қалған екі азамат оқиға орнында қаза тапса, қалғандары ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендерге дәрігерлер шұғыл ота жасаған. Алайда жағдайлары әлі де ауыр дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу