Көкшетауда 2 мыңнан астам адам "Қара жорға" биін билеп, рекорд орнатты

188

Көкшетауда өткен Наурыз мейрамының ең әсерлі сәттерінің бірі – халықтық "Қара жорға" биінің жаппай орындалуы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Көкшетауда 2 мыңнан астам адам "Қара жорға" биін билеп, рекорд орнатты Фото: gov.kz

Абылай хан алаңында 2 мыңнан астам ер адам ұлттық шапан киіп, бір ырғақта би биледі. Олардың қатарында ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, еңбек ұжымдары, әскери қызметшілер, спортшылар мен жастар болды.

Қатысушылардың айтуынша, бұл үйлесімді өнер көрсету ұрпақтар сабақтастығының символына айналып, қоғамдық бірліктің жарқын көрінісі болды. Бұл шараның маңыздылығын Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та атап өтті.

"Қасиетті Ақмола жері әрдайым бірліктің бесігі, таланттардың отаны болған. Бүгін алты жастағы балалардан бастап алпыс жастағы ақсақалдарға дейінгі ер азаматтарымыз "Қара жорға" биін билеп, халқымыздың болмысын бүкіл әлемге көрсетіп отыр. Бұл би – жай ғана қимыл емес, ол – даланың еркіндігін бейнелейтін өнер. Біздің міндетіміз – осы мұраны жаңғыртып, оны жастарға жеткізу", – деді өңір басшысы.

Еске салайық, бұған дейін өңірде тағы бір рекорд тіркелген болатын: 1500 оқушы бір мезетте ұлттық "Бес асық" ойынын ойнады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу