Көкшетауда саяжай ұрысы ұсталды

350

Тәртіп сақшыларына қылмыс туралы тұрғындардың бірі хабарлаған. 

Көкшетауда саяжай ұрысы ұсталды Фото: inbusiness.kz

Көкшетау қаласында саяжай ұрысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазады inbusiness.kz 716.kz порталына сілтеме жасап.

22 қыркүйек күні 102 пультіне саяжай кооперативінің аумағында ұрлық болғаны туралы ақпарат түскен. Қоңырау шалған әйелдің сөзінше, белгісіз біреу көрші үйге кіріп, бөтен мүлікті ұрлап кеткен.

Әйел ұрлық жасалған сәтті ұялы телефонына түсіріп үлгерген.

Келіп түскен ақпаратты тексеру үшін оқиға орнына патрульдік полиция қалалық батальонының экипажы жіберілді. Полицейлер бейнежазбаны зерттеу барысында камераның объективіне күдіктіден бөлек, ол жасырынып үлгерген көлік түсіп қалғанын анықтады. 

Көлік саяжай ауылына кірген кезде тоқтатылды. Алайда тексеру барысында ұрланған заттар табылмады. Ер адамның оларды сатып жібергені белгілі болды.

Бүгінде көліктің 46 жастағы жолаушысының да ұрлыққа қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ұрланған заттардың иесі келтірілген шығын 720 000 теңге болғанын атап өтті. Сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. 

Тергеу кезеңінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу