Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер кілттері тапсырылды

120

Су тасқынынан зардап шеккен облыс орталығының алғашқы тұрғындарына пәтерлер берілді.

Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер кілттері тапсырылды Фото: Ақмола облысының баспасөз қызметі

Пәтер кілттерін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов табыс етті, ол мемлекет залалды азайту үшін барлық шараларды қолданып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қажеттіліктерін шешу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бүгін сіз пәтер алған алғашқы адам болдыңыз. Отбасыларыңызда бәрі жақсы болып, қиыншылықтар артта қалсын", - дедіМарат Ахметжанов.

Мемлекеттік қордан алғашқы тұрғын үй алушылар Қапаровтар және Никулиндер көпбалалы отбасылары болды. Алынған пәтерлерді тұрғындар өздері таңдады. Пәтерде тұру үшін қажет нәрсенің бәрі бар.

"Президентке біздің мәселелерімізді тез шешкені үшін алғыс айтамыз.  Біздің отбасымыз үшін бұл үлкен қуаныш, балалар риза, барлығына үлкен рахмет.  Біз өз тарапымыздан осы үйде тек қуанышты сәттердің болуына тырысамыз", - деді Сәуле Қапарова.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында зардап шеккендерге барлық қажетті қолдау көрсетілетінін және азаматтардың мүлкін қалпына келтіру бойынша барлық шаралар қолданылып жатқанын атап өткен жөн.

Өңірде шығындарды өтеу және жою жөніндегі жұмыс тұрғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнама шеңберінде жалғастырылатын болады. Кеше облыс орталығының 174 отбасы

65 млн. теңгеден астам сомаға біржолғы төлем алды.  Сондай-ақ, материалдық шығындардыбағалау және өтеу жөніндегі комиссия 12 отбасына 8 млн. теңгеден астам көлемде материалдық залалды өтеу туралы шешім шығарды.

Сонымен қатар, арнайы комиссия қазіргі уақытта тұрғын үйдің одан әрі тұруға жарамдылығын анықтау бойынша техникалық тексерулер жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу