Коллекторлық қызметтер бір жылда 12 есе қысқарды

579

Депутаттар Бас прокуратура мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне коллекторлық агенттіктер мен қаржы ұйымдарының қызметіне қатысты сұрау жіберді. Олардың айтуы бойынша, Қазақстан қаржы нарығында міндеттемелерді сату тетігі "борышкерлерді тығырыққа тірейді" және "қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделері ескерілмейді", деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Коллекторлық қызметтер бір жылда 12 есе қысқарды

"Микроқаржы ұйымдарының өкілдері қарыз алушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартатынын айтып қорқытады, қарыздарын қайтаруды талап етеді. Бұл ретте қарызды қайтарып алу жұмысын ресми тізімге енбеген, ойдан шығарылған коллекторлық агенттіктердің қызметкерлері істейді. Осылайша тұтынушылар құқығын өрескел бұзады және оларды жаңылыстырады", – деді депутаттар.

Ресми мәліметке сүйенсек, құқық саласында тікелей көрсетілетін қызметтер көлемі былтырғыан 26,8%-ға (23,4 млрд. теңгеге дейін) өскен. Оның ішінде адвокаттардың қызметтері 11,8 млрд теңге (жылына 25,2%), нотариустар 77,3 млн теңге (жоғарылау 48,9%) болды.

Бухгалтерлік қызмет саласындағы қызметтер, керісінше, 6,8%-ға төмендеді (34,5 млрд. теңгеге дейін құлдырады). Оның ішінде қаржылық ревизия (аудит) жүргізу бойынша қызметтер 18,3 млрд теңгеге (3%-ға төмендеу), шоттарды жасау және бухгалтерлік есеп саласында 15,3 млрд теңгеге (10,6%-ға төмендеу), салық салу бойынша консультациялар саласында 579,8 млн теңгеге (8,7%-ға жоғарылау) көрсетілді. ҰБХ үшін бухгалтерлік, салықтық есеп және қазынашылық операциялар саласындағы қызметтер 324,9 млн теңге (жылдық өсім – 52,8%); төлем қабілетсіздігіне және берешекті өндіріп алуға байланысты қызметтер (коллекторлар қызметтері) 26,1 млн теңге (91,8%-ға төмендеді) болды.

Биылғы қаңтар-маусымда көрсетілген заң және бухгалтерлік қызметтер көлемі 57,9 млрд. теңге болған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,4%-ға артық. Дегенмен нақты мәнде секторда 2,8%-ға төмендеу байқалады.

Салыстырсақ, былтырғы қаңтар-маусымда көрсетілетін қызметтер көлемі 55,4 млрд. теңге, секторда 9,3%-ға жоғарылау болған.

Өңірлер бойынша алып қарасақ, барлық көрсетілген қызметтің төрттен үш бөлігі (43,4 млрд теңге – жылына 8,8%-ға жоғарылау) Алматыға тиесілі.

Көшбасшы өңірлердің үштігіне астана (9,2 млрд теңге, 11,3%-ға төмендеу) мен Қарағанды облысы (742,2 млн теңге, бір жылда 42,4%-ға төмендеу) кірді. Ең аз қызмет Түркістан облысында көрсетілді: барлығы 14,6 млн теңге (бір жыл бұрынғыға қарағанда 72,5%-ға аз).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу