Қорғаныс министрлігі Қазақстан Ресейге әскери техника жіберіп жатыр дегенді тағы жоққа шығарды

1140

Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстан қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салғанын еске салды.  

Қорғаныс министрлігі Қазақстан Ресейге әскери техника жіберіп жатыр дегенді тағы жоққа шығарды Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 6 сәуірде Қарағанды ​​облысында түсірілген әскери техниканың тасымалдануын көрсететін видео тарап жатыр. Видео авторы оның Ресейдің Кемерово қаласына жеткізілгенін алға тартады. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды Stop fake.

"Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери техниканың Ресейге жіберілгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы техника жоспарлы жауынгерлік дайындық сабақтарынан жіберілген", - деп түсіндірді қорғаныс министрлігі.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу