Қостанай облысында элеватор өртенді

379

1929 жылы салынған нысан отқа оранған.  

Қостанай облысында элеватор өртенді Фото: alau.kz

Қостанай облысының Федоров ауданы орталығындағы ескі элеватор өртенді, деп жазады inbusiness.kz.

Алдымен айналасындағы қураған шөп жана бастаған. Сосын желдің екпінімен қызыл жалын ағаштан салынған астық кептіргішті шарпыған.

Өрт болжам бойынша 1 080 шаршы метрді қамтыды. Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, элеватор жұмыс істемейді, бос тұр және елді мекенге де қауіп төніп тұрған жоқ. Жалынды ауыздықтауға 40 адам мен 11 техника тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу