Қостанайда мемрезерв басшысы кәсіпкерден заңсыз ақша алған

406

Мемматрезерв саласындағы сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды  inbusiness.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Қостанайда мемрезерв басшысы кәсіпкерден заңсыз ақша алған Фото: baq.kz

ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша "Резерв" ШЖҚ РМК басшысы Б.Оңайбаевты (ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы) ұстады. 

Жедел тексеру барысында оның 2022 жылы мамырда кәсіпкердің коммерциялық қызметіне жалпы қамқорлық жасағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алуға қатысы бары анықталды.

Қылмыстық істің қатысушысы делдал арқылы беріліп отырған заңсыз ақшалай сыйлықты алу кезінде астыртын әрекет етудің жоғары шараларын қолдағаны белгілі болды. 

16 наурызда сот шешімімен Б.Оңайбаев мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айырылды және ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша 9 млн теңге айыппұл төлейтін болды. 

Сондай-ақ, Б.Оңайбаев 2-санатты (подполковник әскери атағына теңестіріледі) қаржы полициясы және экономикалық тергеу органдарының зейнеткері біліктілік сыныбынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу