Қостанайда жолаушы тасымалдаушыларына жаңа автобустар сатып алуға субсидия бөлінбек

483

Облыс орталығында жолаушылар автобусы тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер жаңа қоғамдық көлік паркін сатып алуға субсидия төлеу мәселесі бойынша жүгінді, деп жазады inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап. 

Қостанайда жолаушы тасымалдаушыларына жаңа автобустар сатып алуға субсидия бөлінбек Фото: Қостанай жаңалықтары

Ақпаратқа сәйкес, былтыр субсидиялар төлеу тиісті қажеттіліктің 60% көлемінде болған.

Автобустар паркі ескірген, ал жаңасын сатып алуға операторларда айтарлықтай қаражат жоқ.

Осы мәселеге байланысты жергілікті Антикор, Кәсіпкерлер палатасы мен Қостанай қаласы әкімдігімен бірлесіп жолаушылар тасымалы мәселесін талқылау бойынша автоөнеркәсіп басшыларымен кездесу өткізді.

"Оның қорытындысы бойынша қалалық әкімдік өзіне кепілгердің міндеттемелерін жүктеуді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі шеңберінде сатып алынатын техника үшін автобустардың жалпы құнының 20% мөлшерінде аванс енгізуді, отандық өндірісте 54 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша тасымалдау үшін субсидиялар жолаушыларды автобуспен тұрақты тасымалдауға бекітілген тариф арасындағы айырманың 80% мөлшерінде төленетін болады. Жергілікті атқарушы органдарының қатысуынсыз автобустарды сатып алған және аванстық жарнаны өз бетінше енгізген жағдайда субсидиялар тасымалдаушыларға толық 100% көлемде төленетін болады", - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу