Құлсары қаласынан 31 009 адам көшірілді

129

Жылыой ауданында оқиғалар орын алғаннан бері 203 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді.

Құлсары қаласынан 31 009 адам көшірілді Фото: Атырау облысы ТЖД

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Жантөре Демешов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде Құлсары қаласында 231 бірлік техника, 18 дана жүзу құралы және 19 су сору құралдары жұмылдырылған. ҚР ТЖМ күштерінің арқасында дамбалар салу, бөгеттерді көтеру жұмыстары, сондай-ақ қаптарға топырақ толтырып, төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Құлсары қаласынан жалпы есепте 31 009 адам көшірілген. 274 адам уақытша орналастыру орталығына орналастырылды. Жылыой ауданында оқиғалар орын алғаннан бері 203 тонна гуманитарлық көмек көрсетілді", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу