Күресіп жатырмыз – Күшікова ЕАЭО нарығындағы Қазақстанның мүддесі жайлы

822

Сауда және интеграция вице-министрі Жанел Күшікова ЕАЭО нарығындағы Қазақстанның мүддесі қалай қорғалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Күресіп жатырмыз – Күшікова ЕАЭО нарығындағы Қазақстанның мүддесі жайлы

"Өкінішке қарай, Еуразиялық экономикалық одақта шынында да кедергілер бар. Ол бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып, жазылып жатыр. Мұндай кедергілер даму қарқынын тежеп, ЕАЭО идеясына, толыққанды интеграцияға көлеңкесін түсіреді. Кеден шекараларын заңды тұрғыда біз аштық. Алайда расында мемлекеттер өз өндірушілерін қолдауға тырысып, белгілі бір кедергілерді қояды. Осылайша, ішкі өндірушілеріне басымдық береді. Әрине, бұл – экономикалық одақ идеясына қарама-қайшы. Біз күресіп жатырмыз", - деді Жанел Күшікова ОКҚ алаңында "ЕАЭО және Қазақстан: интеграцияның ағымдағы процестері" тақырыбында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша ЕАЭО мен ЕАЭК келіссөз жүргізуге арнайы алаң береді. Мемлекеттердің де мұндай кедергілердің ешкімге пайда әкелмейтініне көзі жеткен-мыс. Еркін саудаға қойылған кедергілерді – міндеттемелерді орындамау деп қабылдауға болады. 

"Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық тауарлардың алдында кездесетін кедергілерді жою бойынша ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Бүгінгі таңда кедергілерді жою көрсеткіштерінің рекордан атап өтуге болады. Мәселен, 2016 жылдан бері кедергілердің 83 пайызын еңсердік. Атап айтқанда, 66 кедергі нақты "кедергі" деп танылып, олардың 54-і жойылды. Сарапшылардың бағалауынша, жойылған кедергілер экспорт көлемін 100 млн долларға дейін арттыруға жол ашады", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу