Құрылыс материалдары мен тұрғын үй не үшін қымбаттады?

1272

2021 жылғы мамырда салаға 732 млрд теңге инвестиция салынған.  

Құрылыс материалдары мен тұрғын үй не үшін қымбаттады?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев құрылыс материалдары мен тұрғын үй бағасының қымбаттау себебін түсіндірді деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасын іске асыру үшін министрлік бірқатар кешенді шара қабылдаған. Мақсат – құрылыс материалдары мен тұрғын үй бағасының өсуін тежеу.

"Елімізде құрылыс материалдарының бағасын тұрақтандыру мақсатында Үкімет "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп сала бойынша баға өсіміне болжам жасау, өндірушілер мен құрылысты салушылардың арасында тікелей ұзақмерзімді келісімшарт жасау шаралары қолға алынды", - деді Қайырбек Өскенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің орынбасары қандай құрылыс материалдары қымбаттағанын, оның себебін түсіндірді

"Шара қабылдамас бұрын соңғы 5 жылда Қазақстанда құрылыс материалдары мен жылжымайтын мүлік бағасына болжам жасалды. Құрылыс материалдарының бағасы қалай өскенін, осы уақытта тұрғын үй бағасының қалай көтерілгенін талдадық. Құрылыс материалдарының ішінде цемент, арматура, кірпіш, газды бетон бағасы күрт өскені байқалды. Салдарынан тұрғын үйдің бағасы да өскен, ал кейде керісінше төмендегені байқалады. Биыл да құрылыс материалдары бағасының өсуі байқалды және баға тек Қазақстанда ғана емес әлем бойынша өсіп отыр", - деді басшы.

Сонымен қатар Қайырбек Өскенбаев саладағы жағдайға кейін қалдырылған сұраным да әсер еткен.

"2020 жылы салынуы керек нысандар бір жылға шегерілді. Осылайша, биыл құрылыс көлемі артты. Оған инфляциялық жағдарлар да ықпал етті.

Соңғы 2 жылда Қазақстанда тұрғын үй құрылысына инвестиция салу күрт өскен. Мысалы, 2019 жылғы мамырда саладағы инвестиция 432 млрд теңге болса, 2021 жылы осы кезеңде көрсеткіш 732 млрд теңге, өсім 1,7 есе", - деді вице-министр.

Министрдің орынбасары қарқынды құрылыс салада құрылыс материалдарына сұранысты арттырғанын жеткізді.

"Сұранысты отандық өндіріс қанағаттандыра алмаған. Нарықтағы бағаға импорт, жекелеген делдалдар мен тауар өндірушілердің әрекеті де әсер еткен", - деді Қайырбек Өскенбаев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу