"Қымбат апайға мың алғыс": Жәнібектің анасы болуы мүмкін делінген 4 әйелдің ДНҚ нәтижесі шықты

14687

Танымал журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа деректі жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қымбат апайға мың алғыс": Жәнібектің анасы болуы мүмкін делінген 4 әйелдің ДНҚ нәтижесі шықты Фото: Бейнежазбадан

Оның айтуынша, қан тапсырған 4 әйелдің анализінің қорытындысы шыққан.

"Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр таянды", – деді ол.

Жәнібек анасын іздеу жұмыстарына көмектескен жандарға алғыс айтты.

"Қымбат апай, менің анамды табу үшін істеп жатқан жұмысыңызға мың алғыс!" – деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу