Қыс басталғалы таулы аймақтардан 14 турист құтқарылды

1820

Таулы жерлерде саяхаттап жүрген туристер адасып, үйлеріне қайта алмаған. 

Қыс басталғалы таулы аймақтардан 14 турист құтқарылды Фото: wirestock

Қыстық маусым ашылғалы құтқару бөлімшелері 17 іздестіру-құтқару жұмыстарын жүзеге асырды, оның барысында 14 турист табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі таңда "Туристік қызмет туралы" Заңға туристер мен туристік топтардың жүру бағыттары туралы аумақтық бөлімшелерді ақпараттандыру бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесі пысықталып жатыр.

"Баяндама қорытындысында Төтенше жағдайлар министрлігі қыс мезгілінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралардың барлық кешенін орындайтынын атап өткім келеді. Сонымен қатар азаматтарға дауыл туралы ескертулерді назарға алып, ауа-райы нашарлаған кезде ұзақ сапарлар мен таулы жерлерге барудан бас тартуға кеңес беремін", – деді ТЖМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу