Қытай 2022 жылы әскери бюджет көлемін 7,1%-ға арттырады

784

Қытай 2022 жылы әскери бюджет көлемін 7,1%-ға арттырып, 229,5 миллиард долларға дейін жеткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz The Hindu басылымына сілтеме жасап.  

Қытай 2022 жылы әскери бюджет көлемін 7,1%-ға арттырады

Билік 2022 жылы әскери оқу пен әскери дайындықты жан-жақты жандандыру қажеттілігін жариялады. 

Өткен жылы елдің әскери бюджеті 6,8%-ға өсіп, алғаш мәрте 200 млрд доллардан асқан болатын. Үндістандікі биыл 70 миллиард доллар шамасында. Бұл былтырғы көрсеткіштен 4,4%-ға көп.

Қаңтар айында Қытай Сыртқы істер министрлігінің қару-жарақты бақылау департаментінің директоры Фу Цун екі ядролық державаны, яғни Ресей мен АҚШ-ты ядролық қаруды азайтуға шақырған еді. Егер олар ядролық арсеналдарын Қытайдікіндей деңгейге дейін азайтса, Бейжің Мәскеу мен Вашингтонның ядролық қарусыздану жөніндегі келіссөздеріне қосылуға дайын екенін білдірді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу