Қытай билігі COVID-19-ды жеңгенін мәлімдеді

751

Пандемия уақытында дәрігерлерге 200 миллионнан астам адам жүгінген. 

Қытай билігі COVID-19-ды жеңгенін мәлімдеді Фото: azattyq-ruhy.kz

Қытай билігі коронавирусты жеңгенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz  dw.com-ға сілтеме жасап.

17 ақпан Қытай коммунистік партиясының ОК Саяси бюросының тұрақты комитетінің отырысынан кейін жарияланған мәлімдемеге сәйкес, қараша айынан бастап Қытайдың пандемия режимінен қалыпты өмірге салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауысқаны айтылған. Құжатта Орталық комитеттің пандемия жағдайын бағалау кезінде дұрыс шешімдер қабылдағанын тәжірибе көрсеткендігі жазылған. Жиын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің басшылығымен өтті.

Қытайдағы мемлекеттік БАҚ-тың мәліметінше, пандемия кезінде елде КВИ жұқтырған 200 миллионнан астам адам медициналық көмекке жүгінген. Бұдан бөлек 800 мыңға жуық ауыр жағдайдағы науқас емделіп шыққан. Сондай-ақ, “COVID-19 өлімінің көрсеткіші әлем бойынша Қытайда ең төмен" екендігі де айтылады.

Десек те, ресурстың жазуынша, Қытайдағы COVID-19 жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ.

Себебі коронавирустық инфекциядан қайтыс болу туралы деректері енді жарияланбайды. Ресми мәліметтерге сәйкес, желтоқсаннан бастап ақпанның басына дейін ауруханаларда тек 83 150 өлім жағдайы тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу