Қытай мұхит түсін бақылайтын спутникті ғарышқа ұшырды

205

Әлемдегі алғашқы мұхит спутнигі.

Қытай мұхит түсін бақылайтын спутникті ғарышқа ұшырды Фото: Синьхуа

Бейсенбі күні Қытай теңіз суларының жай-күйі туралы хабардар болу үшін мұхит түсін бақылайтын спутникті ғарышқа ұшырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұл дүние жүзіндегі әртүрлі су объектілерін нысанаға алатын және әртүрлі зондтау әдістерін қолданатын әлемдегі алғашқы мұхит спутнигі.

Ол судың түсін, температурасын, теңіз мұзын, қалқымалы заттар мен су экологиясын және жаһандық мұхиттың басқа элементтерін, аралдар мен дүние жүзіндегі порттарда кең ауқымды, үздіксіз динамикалық бақылауды жүзеге асыра алады.

Спутник жинаған мәліметтерді жердегі бақылау орталығына қашықтан жіберіп отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу