banner

Қытайда зауыт өртеніп, 11 адам қаза тапты

460

ҚХР-дың шығысындағы Чжэцзян провинциясында жергілікті өндірістік нысандардың бірі өртеніп, кем дегенде 11 адам қаза тапты.  

Қытайда зауыт өртеніп, 11 адам қаза тапты Фото: img1.eadaily.com

Бұл туралы Қытайдың Орталық теледидары хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, өрт дүйсенбіде Бейжің уақыты бойынша сағат 14.00-де (Астана уақытымен 12.00) Цзиньхуа қаласына әкімшілігіне қарайтын Уи округінде болған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен полиция келді. Билік құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Төтенше жағдайдың себебі анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу