Қызылорда облысында алаяқтық жасаған ерлі-зайыптылар ұсталды

368

Ерлі-зайыптылар биылғы шілде айында жәбірленушіден 8 млн теңге ақшаны алдап алған. 

Қызылорда облысында алаяқтық жасаған ерлі-зайыптылар ұсталды Фото: inbusiness.kz

Қызылорда облысында алаяқтық жасаған ерлі-зайыптылар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар жәбірленуші азаматшаға Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша жауаптылықтан босатып беремін деген уәде берген болатын.

"Бұл бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы, 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызылорда қалалық мамандандырылған соты ерлі-зайыптыларды 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Қазіргі таңда, тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деп мәлімдеді Қызылорда облысының Полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу