Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен 2022-2023ж. аралығында Қызылорда облысы аумағында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды.
Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауда.    
Тергеу аяқталды. Іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде.
 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу