Қызылорда облысында жасөспірімдер қылмысы 44%-ға төмендеді

435

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді.  

Қызылорда облысында жасөспірімдер қылмысы 44%-ға төмендеді Фото: gov.kz

Жиында кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстардың, отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2022 жылдың қорытындысымен республика бойынша кәмелет жасына толмағандармен жасалған қылмыстар 14%-ға өсім алса, оларға қарсы жасалған қылмыстар 4%-ға төмендеген. Өңірімізде, кәмелет жасына толмағандармен жасалған қылмыстар 44%-ға, оларға қарсы жасалған қылмыстар 31%-ға төмендеген. Дегенмен, қылмыс саны азайды деп бұл бағыттағы жұмыстарды әлсіретуге болмайды", - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында суицид, құқық бұзушылық орын алған жағдайда білім ордасы басшысының қызметіне қатысты жауапкершілік қаралатындығын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу