Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

1371

Тағы бір адам дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Қызылорда облысында жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып, 4 адамның өмірі қиылды, бір ауруханада жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 29 мамырда шамамен сағат 23.00-де "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының 1466-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Жол-көлік оқиғасында 4 адам қайтыс болды, тағы бір адам дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қажетті сараптамалар жүргізілуде.  Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігіне соғылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу