banner

Қызылордалық зауыт маска өндірісін арттырды

2791

Медициналық маска тапшылығын бәсеңдету үшін қызылордалық компания маска өндірісін қолға алды. 

Қызылордалық зауыт маска өндірісін арттырды

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі маска өндірісі қолға алынғанын хабарлады.

Өнімнің көбі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қаларына  жөнелтілуде. "Далатекс" ЖШС-ның директоры  Ділмұхамед Абызовтың айтуынша, компания тәулігіне 10 мың дана маска шығарып жатыр. 

Айта кетсек, коронавирус салдарынан тауар жеткізу тізбегінің үзілуі мен негізгі экспорттық позицияларға әлемдік бағалардың айтарлықтай төмендеуіне байланысты "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнеске түсетін теріс әсерді төмендету мақсатында Жедел штаб құрды.

Жедел штабтың міндеттері:
-бизнеске келтірілуі мүмкін тәуекелдерді және ағымдағы экономикалық ситуациядағы теріс салдарды бағалау: импорттық шикізат, жабдық және қосалқы бөлшектерді сатып алудағы проблемалар; қаржыға қолжетімділік (қаражат айналымы, валюталық заем, қайта қаржыландыру қажеттілігі және т.б.);
- бизнестен алынған мәліметтерді күнделікті негізде жүйелеу және өңдеу;
- бизнестің дамуына мүмкіндіктерді анықтау (өткізу нарықтары, қолдау шаралары);  
- бизнестен алынған мәліметтер негізінде Үкіметке ұсынымдар әзірлеу.

Бизнес өкілдерімен кері байланыс ҰКП-ның call-орталығы арқылы (қысқа нөмір: 1432) іске асырылады. Мына сілтемеде қысқаша сауалнаманы тауып, негізгі сұрақтарға жауап беруге, сұрақтар қойып, ұсыныстар қалдыруға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу