"Лицензиясыз жұмыс істеді": Атыраудағы ұлттық қыздар мектебі аппеляциялық шағым түсірген

639

Білім ордасына қатысты іс облыстық сотта қаралды. 

"Лицензиясыз жұмыс істеді": Атыраудағы ұлттық қыздар мектебі аппеляциялық шағым түсірген Фото: AtyrauPress

Атырау қаласындағы "Қазақ ұлттық қыздар мектебіне" білім беру қызметін тоқтату туралы азаматтық ісі бойынша бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалды, деп жазады inbusiness.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап ЖШС тиісті лицензиясыз мектеп жасындағы оқушыларға білім беру қызметімен айналысқан. Бұдан бөлек "Қазақ ұлттық қыздар мектебі" тарапынан елдің білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасын бұзуға жол берілді делінген.

Бірінші сатыдағы соттың шешімі бойынша білім ордасындағы білім беру қызметі тоқтатылған болатын. Алайда жауапкер аппеляциялық шағым түсірген.

"Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексеріп, аталған істі қарау барысында бірінші саты сотымен материалдық құқық нормаларының бұзылуына жол берілмеген, бірінші саты соты іс бойынша дұрыс, заңды және негізді шешім қабылдаған деген қорытындыға келді. Сот шешімінің күшін жоюға негіздер анықталмаған", - деп хабарлады облыстық сот.

Осылайша сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылып, жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу