Майнинг компаниялары электр энергиясы жетпейтін болса сырттан әкелуі керек

281

Немесе жаңадан өздері станса салу керек.

Майнинг компаниялары электр энергиясы жетпейтін болса сырттан әкелуі керек

"Көлеңкелі" майнинг компанияларының жұмысына тосқауыл қойылды. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Майнингке байланысты былтыр Қытайда тыйым салынғаннан кейін біраз майнинг компаниялары Қазақстанға көшіп келді. Жалпы алдыңғы жылдары болжам бойынша энергия жүйесінде резервтер болатын. Сол резервтер тез арада азайып қалды. Энергетика қадағалау комитетімен бірлесіп құқық қорғау органдары талдау жүргізді. Әрбір өңірде заңсыз, яғни құжатын толтырмаған немесе зауыт болып белгіленген мекемелер майнинг мекемелер екендігі анықталды. Олардың құжаттарының барлығы құқық қорғау органдарына берілді. Шамамен 260 МВт майнинг заңсыз болып, жұмыстары тоқтатылды", – деді вице-министр.

Министрлік өкілі заңды түрде құжаттарын тапсырған майнинг компанияларына қатысты ережелер қабылданғандығын мәлімдеді.

Егер де елде электр энергиясы жетпейтін болса, майнинг компаниялары электр энергиясын сырттан әкелу керек немесе жаңадан өздері станса салу керектігін атап өтті. 

Балжан Смайылова

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться