Жер асты дүмпуінің ошағы 620 шақырым тереңдікте орналасқан. Ал эпицентрі Кота Белуд қаласынан 55 шақырым жерде анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
German Research Center For Geosciences мәліметі бойынша дүмпулер жексенбі күні UTC сағат 16:57-де, 633 км тереңдікте болған. Эпицентрі Борнеоның солтүстік жағалау аймақтарында, соның ішінде Малайзия территориясында қатты сезілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.
Сондай-ақ сол күні Фиджи аралдары оңтүстігінде 6,2 баллдық жер сілкінісі тіркелген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу