Мамыр айында +40 градусқа дейін ыстық күтілуде

145

"Қазгидромет" РМК алдағы мамыр айына арналған ауа райы болжамымен бөлісті. 

Мамыр айында +40 градусқа дейін ыстық күтілуде  Фото: baigenews.kz

Ресми хабарламада мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге көшу жүзеге асырылатыны баса атап көрсетілген.

"Көпжылдық мәліметтерге сәйкес, оңтүстік аймақтарда айдың бірінші жартысында, ал солтүстік аймақтарда айдың соңына карай тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, жел соғады деп күтіледі. Айдың басым бөлігінде сынап бағаны жоғарылап, негізі мамыр айы ыстық болады деп болжанады", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Мәселен, республикамыздың солтүстік жартысында күндіз температура +25...+35°C дейін, оңтүстік бөлігінде +30...+40°C дейін ысуы мүмкін.

Суық толқындар әсерінен ауа температурасының мына аймақтарда төмендейді деп күтіледі:

  • солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде ауа температурасы: -5...+5°C, күндіз: +10...+15°C;
  • еліміздің батысында және оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: +5...+15°C дейін, күндіз +16...+26°C.

"Мамыр айында республикамыздың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, батыс аймақтарда норма шамасында болады деп күтіледі". 

Жалпы, мамыр айында жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан төмен болады деп болжанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу