"Мәңгілік ел" қақпасын жөндеу үшін 600 миллион теңге керек

3188

Бас қаланың әкімдігі қалалық сессияда "Мәңгілік ел" салтанат қақпасын күрделі жөндеуден өткізу проблемасын талқылады. 

"Мәңгілік ел" қақпасын жөндеу үшін 600 миллион теңге керек

"Мәңгілік ел" қақпасын күрделі жөндеуден өткізуге 600 млн тг керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәслихат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның айтуынша қақпа астындағы туннельді салу кезінде, құрылыс жұмыстары сапасыз жүргізілген. Соның салдарынан бүгінде қақпа күрделі жағдайда. Көктемгі жауын-шашын мен нашар гидрооқшаулау мәселені ушықтыруда. Жыл сайынғы жөндеу кемшіліктерді жоюға мүмкіндік бермейді.

"Мәңгілік ел" қақпасы 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ашылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу