Маңғыстаулық балықшылар дабыл қағуда: жыл басынан бері 185 өлі итбалық табылды

515

Итбалықтар өлімінің себебін және олардың өлімі тұрғындар үшін қаншалықты қауіпті екенін білу мақсатында Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданының балықшылары құзырлы органға талаппен  жүгінді.

Маңғыстаулық балықшылар дабыл қағуда: жыл басынан бері 185 өлі итбалық табылды Фото: тумба.кз

Каспий теңізінің қазақстандық секторының фаунасын қорғау және мониторингілеуге маманданған Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарына ашық талап қойды.

Ресми дерекке сәйкес, осы жылдың 5 айында бұл аймақта 185 өлі итбалық пен 48 бекіре тұқымдас балық табылды. Бұл сан нақты жағдайдан әлдеқайда төмен, дейді балықшылар. Мәселені талқылап, оны Экология департаментінде, табиғатты қорғау прокуратурасында және балық инспекциясында бірлесіп шешіп, назар аударуды сұрайды. Балықшылардың айтуынша, Түпқараған ауданында өлекселер саны артып, оларды жағалауда жергілікті тұрғындар жиі таба бастады. 

"Мен аптасына бір рет Каспий итбалықтарының, әртүрлі тұқымды балықтардың, құстардың саны көп болатын жақын аралдарға мониторинг жүргіземін.  Олардың жағдайы жақсы емес. 6 мамырда Теңіз, Әулие, Құлалы аралдарын айналып өтіп, өлі қоқиқаздарды таптым. Олардың қауырсындары майлы затпен жабысып тұр. Наурызда қырылған итбалықтар жағаға шығады және олардың саны жыл сайын артып келеді. Біз, Түпқараған ауданының тұрғындары, мемлекеттік органдардан нақты жауап беруді сұраймыз. Олардың өлімінің себебі неде? Мұнай өндіруші компаниялардың қызметі ме, әлде қандай да бір вирус бар ма? Біз теңіз жануарларының инфекциясы болып, басқа малдарға жұғуы мүмкін немесе адамдарға теңізде шомылу қауіпті болар деп алаңдаймыз. Өлген итбалықтардың қаңқалары ашық жатыр. Өртегенде толығымен жанбай қалады. Содан кейін иттер оларды бүкіл ауылға апарады. Вирус болса, үй жануарлары ауырып, адамдарға жұқтыруы мүмкін бе? Алда жаз, шомылу маусымы жақындады. Біз балаларға жағалауға баруға және теңізге шомылуға тыйым сала алмаймыз", - дейді аудан тұрғыны Руслан Жапанов.

Итбалықтар қырылған соңғы деректердің сараптау нәтижелері әлі дайын емес. Бірақ өткен жылғы зерттеулердің қорытындысы бойынша, Каспий итбалықтарының өліміне пневмония себеп болды. Қазір мамандар "Қызыл кітапқа" енген жануарлардың вирус жұқтыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. 

Каспий итбалығы популяциясының 90% - ы біздің акваторияда өтеді деген дерек бар. Олардың өліміне себеп: табиғи процестен бастап кейбір ауруларға шалдығуға дейін болжам айтылады. Мамандардың айтуынша, итбалықтар кемелердің бұрандасының астына және балық аулау торларына түскен жағдайлар жиі болған. Климаттық жағдай да бір себеп ретінде айтылып жүр. Ал, қазақстандық қолданбалы экология агенттігінің деректері бойынша, алдағы бірнеше жылда пневмониядан итбалықтардың өлім-жітімінің өсуі мүмкін. 

"Бүгін біз әр органның өз желісі бойынша қандай шаралар қабылдайтынын, "Қызыл кітапқа" енген жануарлардың өлімінің алдын алуға не көмектесетінін, популяцияны сақтау үшін мониторинг және зерттеу бойынша бірлескен жұмысты қалай жақсартуға болатынын талқылау үшін кездестік", - деді Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы Нұрлыбек Гайсин.

Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Ілияс Сандыбаев өз кезегінде барлық ықтимал нұсқаларды, оның ішінде мұнай өндіруші компаниялар қызметінің Каспий флорасы мен фаунасына әсерін ескеру қажет екенін атап өтті.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мамандары мұнайды белсенді игеру және өндіру жүргізіліп жатқан Каспий маңы бассейнінің басқа елдерінің тәжірибесін қарастыруды ұсынды.

Тараптар өз ұсыныстарын министрліктер мен жоғары тұрған ведомстволарға жіберуге уәде берді. Маңғыстау мен Атырау облыстарында Каспий итбалықтарын сақтау үшін екі резерват құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді.  2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Каспий суын қорғау және мониторингілеу жөніндегі өз қызметіне кірісуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу