Мас күйінде көлік тізгіндеген БҚО тұрғыны 1 жылға бас бостандығынан айырылды

276

Сот оны өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырды. 

Мас күйінде көлік тізгіндеген БҚО тұрғыны 1 жылға бас бостандығынан айырылды Фото: pixabay.com

Мас күйінде көлік тізгіндеген БҚО тұрғыны 1 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

БҚО сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам Бәйтерек ауданы Дарьинское ауылында "Лада Нива" көлігін мас күйінде айдаған. Ол осыған дейін сот қаулысымен жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Сот үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот оны өмір бойы көлік жүргізу құқығынан да айырды.

Сотталушы жазасын ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтемек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу