Мәскеуде ҰҚШҰ мен ТМД антитеррорлық орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Қол қою екі ұйым өкілдерінің жұмыс кездесуі аясында өтті. 

Мәскеуде ҰҚШҰ мен ТМД антитеррорлық орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды Фото: ҰҚШҰ

18 қаңтар күні Мәскеу қаласында ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығының басшысы Евгений Сысоевтың жұмыс кездесуі өтті. Тараптар өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, алдағы жоспарларды белгіледі. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҰҚШҰ-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басшылар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығы мен терроризмге қарсы орталық арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің тапсырмасы бойынша, Иманғали Тасмағамбетов Евгений Сысоевке "II дәрежелі ҰҚШҰ Құрмет белгісі" марапатын табыс етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу