Мәжіліс төрағасы Ресейге не үшін барғанын айтты

517

Сапар барысында бірқатар мәселелер бойынша келіссөздер жүргізілген. 

Мәжіліс төрағасы Ресейге не үшін барғанын айтты Фото: astanatv.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресейге жасаған ресми сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өткен аптада Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ресейге жұмыс сапарымен барды. Тілшілер Мәжіліс спикерінен көршілес елге баруының себебін сұрады.

"Бұл әдейі бірге барайық деп ұйымдастырылған мәселе емес. Үкіметтердің арасындағы өздерінің сөйлесетін мәселелері бар. Менің барған сапарым көптен жоспарланған ресми сапар болатын. Сол сапар барасында Мемлекеттік Дума басшысы Володин әріптесіммен және Федерация кеңесінің төрайымы Матвиенко ханыммен екіжақты кездесулер болды. Заң шығару жұмысы бойынша, басқа да екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас бойынша мәселелер бойынша келіссөздер жүргізілді. Мысалы, жүк тасушыларымыздың шекарадағы проблемалық мәселелері. Бұдан бөлек әскери оқу орындарыда оқып жатқан қазақстандық студенттердің де кейбір мәселелері болды. Мұның бәрі шешімін табатын мәселелер", - дедім ол Мәжіліс кулуарында.

Тілшілер "Ресейге сапарыңыз аясында Мемлекеттік Дума төрағасынан ресейлік депутаттар Қазақстан туралы түрлі мәлімдемелер жасамауы бойынша өтініш білдірген жоқсыз ба?" деп нақтылады. 

"Бұл тақырып туралы Федерация кеңесінің төрайымымен сөйлестік. Біз осы мәселе бойынша екіжақты жұмыс істейтін боламыз деп келістік", - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс төрағасы 4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына ресми сапармен барғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу