Мексикада екі жеке ұшақ соқтығысты, қаза тапқандар бар

322

Оқиға елдің солтүстігіндегі Дуранго штатында болды. 

Мексикада екі жеке ұшақ соқтығысты, қаза тапқандар бар Фото: www.aa.com.tr

Мексиканың солтүстігіндегі Дуранго штатында екі жеке жеңіл моторлы жолаушылар ұшағы соқтығысып, кем дегенде бес адам, оның ішінде бір бала қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін таңертең болды, деп хабарлайды жергілікті билік.

Ресми деректерге сәйкес, соқтығысқаннан кейін ұшақтар өртеніп, адам өліміне әкелді.

Екі ұшақ та Cessna маркасының әуе кемелері. Апатқа байланысты тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу