Мектептерді жемқорлық жайлап алды

714

Биыл мектепке дейінгі, орта және колледжерге бюджеттен 5,2 триллион теңге бөлінді.

Мектептерді жемқорлық жайлап алды Фото: inbusiness.kz

Елімізде ағартушылық саладағы жемқорлық әлі де көш бастап тұр. Білім басқармалары миллиондап емес, бюджет қаражатын миллиардтап жымқыруды әдетке айналдырып алыпты. Сорақысы,  бұл сала мүлде бақылаусыз қалған сияқты. Өйткені Білім басқармаларын тексеретін аудиторлар есепшілермен ауыз жаласатын факт көбейген.

Балаға ізгілік пен тәрбиені дарытатын білім саласы жемқорлыққа шаш етектен батыпты. Жылдар бойы отырған ұры-қарылар бюжет қаражатынан бөлінген ақшадан миллиардтап қалтасына басқан. Бір ғана мысал, Талдықорғандағы Білім басқармасының басшысы небәрі екі жарым жылда  басқарманың екі және 13 мектептің есепшілерімен бірігіп, бюджеттен бөлінген қаражаттың 4,5 миллиард теңгесін жеп қойған.

"Есепшілер бюджет қаражатын жалақы қорынан аударып отырған. Ал Білім басқармасының басшысы олардың қылмысын жасырған. Әрине, тегін емес. Ол сол қызметі үшін 280 миллион теңге пара алған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали.

Антикор 2020 жылдан бастап жасалған бұзушылықтарға арнайы талдау  жасаған. Нәтижесінде 10 миллиардқа жуық шығын белгілі болған. Алайда әлі анықталмағандары да бар.

"Алматыдағы мектеп есепшісі 4 жыл бойы өзінің және 6 қызметкерге 190 млн теңге аударған. Одан бөлек, мектепте мүлде жұмыс істемейтін, жай ғана тіркеліп қойған адамдар үшін ақша алып отырған. Қарағанды облысындағы мектептердің бірінде бухгалтер 40 млн теңге жымқырған. Осылайша, білім саласы жемқорлық өршіп тұрған алғашқы үштікке кіреді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орнбасары Дмитрий Малахов.

Ал Сарыағаштағы білім бөлімінің бухгалтері басқа біреудің аты-жөнін жазып, бірақ өз картасына 136 миллион теңге аударып алған. Бүгінгі жиында Жемқорлыққа қарсы агенттік мұндай қыруар мысал келтірді. Тіпті, одан бюджетке келтірілген шығынды да ашып айта алмады. Өйткені жұртшылық шошиды деп отыр. 

"Барлығын шешу үшін фейс айди жүйесі бар. Қазіргі заманауи мекемеге кіргенде есік ашылады. Бұндай құрылғының құны 2 миллин теңіге. Келер жылдары 1 млн теңге. + 06 19 Бұл осы жүйені сататын компаниямен сөйлестік. Ең бірінші қарсы шыққандар білім басқармалары. Яғни, оларға бұл ыңғайсыз", - дейді "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов.

Біраз жылдан бері білім саласындағы былықтың жасырын келуіне есепшілер мен аудиторлардың ауызжаласып алуы себеп екен. Одан кейін қоғамда ашық қылмыс жасаған адам жазадан құтылып кетеді. Тіпті, біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде "ақша алып, сабақ өткізбеді" деп оқушыларды шулатқан директор да жазадан құтылып кеткені белгілі болды. Ал биыл мектепке дейінгі, орта және колледжерге бюджеттен 5,2 триллион теңге бөлініпті. Бұл соманың да біраз миллиарды біреудің қалтасында кетпесіне кім кепіл...

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу