Мемлекеттік қызметшілердің жалақысына қанша ақша кетеді?

429

Қазақстанда 89 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етеді.

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысына қанша ақша кетеді? Фото: canva.com

Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік аппараттың еңбекақы қорына бюджеттен қанша қаржы жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Барлық мемлекеттік аппараттың жалақысы туралы айта аламын. Бұл сома 1 трлн 32 мың теңгені құрайды. Бұл жыл сайын барлық мемлекеттік қызметшінің жалақысын төлеуге кетеді", - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Айта кету керек, осыған дейін Қаржы министрі Елтаңбаны ауыстыруға қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу