Министр "Бақытты отбасы" бағдарламасынан "толық емес отбасылардың" алынып тасталуы туралы не ойлайды?

690

Осыған дейін "Бақытты отбасы" мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларынан толық емес отбасылар алынып тасталғанын жазған болатынбыз. "Отбасы банк" бұл санатқа  "Шаңырақ" бағдарламасының шарттары бойынша несие берілетінін мәлімдеген.

Министр "Бақытты отбасы" бағдарламасынан "толық емес отбасылардың" алынып тасталуы туралы не ойлайды?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевқа халықтың осы санаты бойынша шешім шығармас бұрын заңнамалық деңгейде барлығы неге белгіленбегендігі туралы сұрақ қойылды, деп жазады inbusiness.kz.
 
Министрдің айтуынша, "ешкім де оларды тізімнен ешқайда шығармаған". Бүгінде жұмыс топтары құрылып, тиісті заң жобасы Мәжіліс қарауына берілген. 

"Бүгінгі таңда идеология жай-жайдан өзгеріп жатыр. Егер бірінші кезеңде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй, одан кейін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй қолданыла бастады. Біртіндеп одан да алыстап, халықты ипотека арқылы тұрғын үй сатып алуға ынталандыру басталды. Әр жағдайды жеке қарастыруымыз қажет. Бірінші кезекте отбасылық құндылықтарды сақтауымыз керек. Мәжілісте жұмыс тобының мүшелерімен кездесіп талқылау өткіземіз. Заң жобасы талқыланып жатыр. Қажетті өзгерістер енгізудің уақыты келді", - деді ведомство басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу