"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі кинотеатрда тағы бір апта көрсетіледі

652

Аталған фильм 100% мемлекеттік бюджетке түсірілген.

"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі кинотеатрда тағы бір апта көрсетіледі Фото: Murat Yeszhan/Facebook

Еліміздің кинотеатрларында көрсетілімге шыққан "Міржақып. Оян, қазақ" фильмінің прокаты тағы бір аптаға созылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде аталған фильмді кинотеатрлардан көрсету тоқтатылғаны туралы мәлімет тараған еді. Көп ұзамай фильмнің режиссері Мұрат Есжан Facebook-тегі парақшасында жағымды жаңалығымен бөлісті.

"Қалың көрерменнің қалауы болып, "Міржақып. Оян, қазақ" фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды. Енді талабымызға қадамымыз сай боп, келесі аптаны да аншлаг жасайық. Кинотеатрлар да сұранысты көрді ғой, мүмкін сеанстар санын бұдан да ұлғайтар. Мемлекеттің жұмсаған қаржысы ақталған алғашқы тарихи жоба болса деген тілек бар", — деп жазды режиссер. 

Оның айтуынша, аталған фильм 100% мемлекеттік бюджетке түсірілген.

Айта кетсек, "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі 21 қыркүйектен бастап қалың көрерменге жол тартқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу