Mudarabah Capital ісі: Бішкекте іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

318

Бұл туралы Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Mudarabah Capital ісі: Бішкекте іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды Фото: mvd.gov.kg

Бішкекте қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, 2023 жылғы желтоқсанның соңғы күндері Бішкекте камералар ҚР ҚК-нің 217-бабы "Қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша Алматы Медеу аудандық полиция басқармасы іздеу жариялаған Қазақстан азаматы О.А.-ны тіркеген. Бұлтартпау шарасы - қамауға алу.

"Қазақстанда 2021 жылғы сәуірде зардап шеккен салымшылар полицияға үш компанияның қызметіне қатысты арыз жазып, оларды қаржы пирамидасы деп айыптады. Бұл компаниялар өздерін инвестиция саласындағы табысты ұйымдар ретінде көрсетті. Алматының тумасы, бұған дейін ұсталғаны айтылған О.А. қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікке ілінді. Осы "жобаның" көшбасшыларын ұстай бастағанда, ол жасырынып үлгерді", - деп жазылған Қырғызстан ІІМ мәліметінде.

"Бішкекте ұсталған, іздеуде жүрген, Алматының тумасы О. А., қамауға алынды", - деп жазылған Қырғызстан ІІМ хабарламасында.

Айта кетейік, 2023 жылғы 23 маусымда Алмалы аудандық соты танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа Mudarabah Capital қаржы пирамидасы туралы іс бойынша үкім шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу