Неміс фермерлері дизель отынына берілетін жеңілдіктердің қысқартылуына наразылық білдіруде

212

Берлиндегі демонстрацияға ауыл шаруашылығы қызметкерлері ондаған трактормен келді. 

Неміс фермерлері дизель отынына берілетін жеңілдіктердің қысқартылуына наразылық білдіруде Фото: inbusiness.kz

Наразылық білдірушілердің ескертуі бойынша, Германия үкіметі ұсынып отырған үнемдеу бағаның өсуіне және өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Иә, бұл зілзала. Себебі, кәсіпорындар, атап айтқанда шағын кәсіпорындар әр фермадан 5000 еуроға дейін жоғалтады. Содан кейін, тағы 5000 еуро төлеуге тура келеді. Қазіргі пайда жағдайын ескере отырып, бұл өте ауыр жағдай. Сонымен қатар, бізде соңғы жылдары кездескен қосымша жоғары шығындар бар және олар өсуде", - деп түсіндірді фермер Дженс Шрайнике.

Германия астанасына елдің түкпір-түкпірінен фермерлер келді. "Саясатты ақылмен жүргіз", "Бұл үкімет халықты құртып жатыр". Демонстранттар мұндай плакаттарды ауылшаруашылық техникаларына іліп қойған.

Сондай-ақ, үкімет бюджеттегі саңылауларды жабу үшін үнемдеу шараларын жариялады. Шерушілер билікті 1 миллиард еуро үнемдеу ауыртпалығын фермерлердің мойнына артуға ниетті деп айыптады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу