Нұр-Сұлтанда "Үркер" ТА" бағытындағы жаңа қалалық бағдар іске қосылады

830

Елордада "Орда базар" – "Үркер" ТА" бағытындағы жаңа қалалық бағдар іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда  "Үркер" ТА" бағытындағы жаңа қалалық бағдар іске қосылады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырмасы және "Үркер" елдімекені тұрғындарының өтініші бойынша 19 тамыздан бастап "Орда базар" – "Үркер" қатынасымен №45 қалалық маршрут іске қосылады.

Бағыттың қозғалыс сызбасы Алаш тас жолы ("Орда базар") – Бөгенбай батыр даңғылы – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі – Мұхамедханов көшесі – Ш.Айтматов көшесі – Қорғалжын тас жолы – ары қарай "Үркер" ТА арқылы өтеді.

Автобустарды нақты уақыт режимінде қадағалау 2ГИС қосымшасында да қолжетімді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу