OFAC "Сбербанкке" 12 шілдеге дейін уақыт берді

673

ҚНРДА және "Сбербанк" АҚ ЕБ бірлескен мәлімдеме жасады.

OFAC "Сбербанкке" 12 шілдеге дейін уақыт берді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және "СберБанк" АҚ ЕБ АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы Office of Foreign Assets Control (OFAC) бас лицензия шығарғанын мәлімдеді, оған сәйкес банкпен жасалған мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға, 2022 жылғы 13 сәуірден бастап 2022 жылғы 12 шілдеге дейін ұзартылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл көрсетілген кезең ішінде банктің штаттық режимде жұмыс істей беретінін білдіреді. Банк клиенттеріне теңгемен және рубльмен жүргізілетін төлемдер мен аударым операциялары (салықтар, баж салықтары, әлеуметтік аударымдар) қандай да бір шектеулерсіз қолжетімді болады.

Бұған дейін OFAC-тың ресейлік "СберБанк" ЖАҚ-қа және оның еншілес ұйымдарына қатысты оларды SDN-ге (Specially Designated Nationals) қосуды көздейтін оқшаулау санкцияларын енгізетіні туралы мәлімдегенін еді.

Көрсетілген қаржы ұйымымен және оның басқа да еншілес құрылымдарымен операциялар 2022 жылғы 13 сәуірге дейін аяқталуға тиіс.

"Тұтастай алғанда, Қазақстан СберБанкі қаржылық орнықтылықты көрсетіп отыр және салымдарға, кредиттерге қызмет көрсетуді, сондай-ақ ақша қаражатын қабылдау және беруді қоса алғанда, клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін уақытылы орындауда. Банктің міндеттемелерін өтеу үшін өтімділіктің жеткілікті көлемін жинақтайтын шамамен 1,6 трлн теңге сомадағы жоғары сапалы несие портфелі бар. Қазіргі таңда Қазақстан СберБанкінде 400 млрд теңге мөлшерінде капиталдың жеткілікті қоры бар. Осылайша, Банктің қаржылық орнықтылығы негізгі ұйымның қосымша қолдауымен бірге клиенттердің төлемдері мен аударымдарына үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді", – деп жазылған мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу