Олжас Қизатов: Қаржылық сауаты бар қазақстандықтардың үлесі – 40,5 пайыз

165

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жыл сайын социологиялық сауалнама жүргізеді. 

Олжас Қизатов: Қаржылық сауаты бар қазақстандықтардың үлесі – 40,5 пайыз Фото: freepik

Сенатор Геннадий Шиповских елімізде мерзімі өткен несиелер саны азаймай тұрғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Парламенттің жоғарғы палатасында несие беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау бойынша заң қаралып жатыр.

"Мерзімі өткен несиелер саны әлі күнге дейін азаймай отыр. Мысалы, 2023 жылы мұндай кредиттердің сомасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 41,6 пайызға, оның ішінде берешегі 90 күннен асқан 22 пайызға өсіп отыр. Нәтижесінде осы жылдың басындағы жағдай бойынша қазақстандық коллекторлық агенттіктердің қоржындарында бүгінде 382 млрд теңгені құрайтын 890 мың қарыз алушы бойынша деректер табылып отыр. Бұл енді қуантарлық жағдай емес. Халқымыздың қаржылық сауаттылығын арттыруға мәжбүр ететіндігі белгілі", - деп атап өтті депутат Геннадий Шиповских Сенаттың жалпы отырысында. 

Сенатор қазақстандықтардың несиелендіру көрсеткіштері әлі күнге дейін көбейіп отырғанын айтты.  

Бұл ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов жыл сайын қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы бойынша сауалнама жүргізілетінін мәлімдеді.

"Қазіргі кезде банктерде, микроқаржы ұйымдарында, коллекторлық агенттіктердегі қарыз алушылардың саны 1 млн 600 мыңның көлемінде. Біз енді жыл сайын проблемалық қарыз алушылармен, банктермен, микроқаржы ұйымдарымен, коллекторлық агенттіктермен жұмыс істеп жатырмыз. Қазір халықтың қаржылық сауаттылықты арттыру – агенттіктің маңызды бағыттарының бірі. Бізде жыл сайын социологиялық сауалнама жүргізіледі. Соның қорытындысы бойынша қаржылық сауаттылығы бар халықтың үлесі қазіргі кезде 40,5 пайызды құрады. Бұл біздің нақты көрсеткішіміз болды, біз оған қол жеткіздік. Екіншіден, 2021 жылдан 2024 жылға дейін агенттік өз тарапынан 550 оқыту курсын өткізіп, 53 мың адам оқытудан өтті", - деді Олжас Қизатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу