Өрттен зардап шеккендерге қолдау көрсетіледі - Ерболат Досаев

778

Шаһар басшысы қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

Өрттен зардап шеккендерге қолдау көрсетіледі - Ерболат Досаев Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев көше бойында орналасқан жатақхана аумағында болған өрт оқиғасы орнына келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт шыққан ғимаратты аралап, алдын ала шығу себебін анықтады. Қала басшысы әкімдік зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарға қолдау көрсету үшін барлық шараларды қабылдағанын атап өтті.

Қазіргі таңда аудан әкімдігі барлық эвакуацияланған азаматтарды жедел түрде уақытша баспанамен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Денсаулық сақтау басқармасы қажетті медициналық және психологиялық көмекті толық көлемде көрсетеді.

Ерболат Досаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу