ОСК халықаралық байқаушыларды тіркеуді бастады

477

Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушыларды тіркеу жұмыстарын бастады, деп жазады inbusiness.kz.  

ОСК халықаралық байқаушыларды тіркеуді бастады Фото: baq.kz

Ақпаратқа сәйкес, бір шет мемлекеттен, 2 халықаралық ұйымнан 25 байқаушыны аккредитациядан өткізу үшін Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

Атап айтқанда, Палестина мемлекетінен – 1 байқаушы, ТМД-ға мүше елдердің Парламентаралық Ассамблеясынан – 11 байқаушы, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясынан 13 байқаушы бар. 

ОСК төрағасы Мұхтар Ерман 200-ден астам шетелдік байқаушыны тіркеу күтіліп отырғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу