Өзбекстан базалық мөлшерлемені наурыздан бері 14 пайызбен ұстап тұр

430

Көршіміз бір жылда мөлшерлемені 3 процентке төмендетті.

Өзбекстан базалық мөлшерлемені наурыздан бері 14 пайызбен ұстап тұр Фото: Ашық дереккөзден

Өзбекстан базалық ставканы наурыздан бері 14 пайызбен ұстап тұр. Көршіміз бір жылда мөлшерлемені 3 процентке төмендетті. Орталық банк жылдық инфляция 8,5−9,5 пайыз деңгейінде сақаталды деп болжап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алайда, ел билігі қатаң ақша-несие саясатын ұстануды жалғастырмақ. Өйткені бағаға кері әсер ететін сыртқы экономикалық факторлар азаймай тұр. Соңғы айдағы азық-түлік бағасының өсімі 1,2 процент болды. Ал, сәуірдегі инфляция 0,8 пайызды көрсетті.

"Жыл басында енгізілген салықтық жеңілдіктердің арқасында бағалар біраз түсті. Қосылған құн салығы қайтарылатын болған соң, жеткізушілер де тауарды арзанырақ алып келе бастады. Биылғы қыстың кесірінен шаруалар өнімдерін қымбатқа саудалай бастайды деп ойлағанбыз. Бірақ ондай шарықтау байқалмайды. Қазір көкөністер былтырғыдан арзанырық", - дейді саудагер Ілияс Маллабоев.

Өзбекстан инфляцияны құрықтау үшін азық-түліктің 36 түрін кедендік баждан босатты. Нәтижесінде, бір айда 24 тауардың бағасы түскен. Мәселен алма мен алмұрт 42 пайызға арзандаған. Ал балық өнімдері бірден 2 есеге арзанырақ саудаланып жатыр. Оған қоса, бағаны ұстап тұру үшін импорттық азық-түлікті өзбек тілінде таңбалау ережесі келер жылға дейін алынып тасталды. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс берушілердің шетелдік азық-түлікті сатып алуына шектеулер жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу