Өзбекстаннан келетін көліктердің импорттық көлемі артады

901

Өзбекстаннан келетін көліктердің импорттық көлемі артады

Қазақстанға тасымалданатын Ресейлік автокөліктердің саны азайып, Өзбекстаннан келетін көліктердің импорттық көлемі артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстаннан келетін көліктердің нарықтағы үлесі 11,5% құрады.

Қазақстанға импортталатын жеңіл көлік саны қысқарған. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елімізге 4,7 мың автокөлік әкелінген, бұл былтырғы жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткіштен 11%-ға төмен.

Үш жыл бұрын 2014 жылдың алғашқы үш айында елімізге 32,4 мың автомобиль импортталған, ол қазіргі жағдаймен салыстырғанда 7 есеге артық. Сонымен қатар, ресейден әкелінетін автокөліктердің бағасы қымбаттап кеткен. Ағымдағы жылы шеттен әкелінген жеңіл көліктердің жалпы құны 92,5 миллион долларға жеткен. Бұл 2016 жылдың осы кезеңіндегі бағамен салыстырғанда 41%-ға жоғары.

Айта кетейік, қазақстандықтардың басым бөлігі шеттен тасымалданатын көліктердің шамадан тыс қымбаттауына байланысты, бас  тартып отыр. Бір жыл ішінде Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 7,5 мыңға төмендеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу