Парижде тұрғын үйде болған өрттен қаза тапқандардың саны 10-ға жетті

644

Мамандар лаулаған жалынды өшіріп, қирандылар астынан іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сондықтан опат болғандардың саны арта түсуі де мүмкін деп отыр.

Парижде тұрғын үйде болған өрттен қаза тапқандардың саны 10-ға жетті

Париждің батыс бөлігіндегі Эрланже көшесінде болған тұрғын үй өртінен қаза тапқандардың саны 10-ға жетті. Олардың қатарында кішкентай сәби де бар, деп хабарлайды 24.kz.

Тағы 30 тұрғын түрлі деңгейдегі жарақат алды. Оның алтауы – өрт сөндіруші.

Мамандар лаулаған жалынды өшіріп, қирандылар астынан іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сондықтан опат болғандардың саны арта түсе ме деп отыр.

Әзірге оттың неден тұтанғаны ресми анықталмады. Дегенмен Париж прокуратурасының мәлімдеуінше, өрт қасақана қойылған болуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері күдікті ретінде 40 жастағы әйелді тұтқындады. Ол өрт шыққан тұрғын үйдің екінші қабатында тұрған. Есірткі және ішімдікке тәуелді әйелдің психикалық ауытқушылығы болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу