"Партаға соққан": Мектеп директоры оқушы өліміне қатысты мәлімдеме жасады

576

Істің тергелуін облыстың бас прокуроры өз бақылауына алды. 

"Партаға соққан": Мектеп директоры оқушы өліміне қатысты мәлімдеме жасады Фото: Inbusiness.kz

"Өте ауыр жағдай. Оқиға үзіліс кезінде болған. 7 сыныпта оқитын Роман Новиков деген оқушымыз кабинетке жүгіріп кіреді, де сүрінеді. Құлағанда партаға соққан. Мұғалім мектептің медбикесін шақырып, бірінші жәрдем көрсетілді сол жерде. Содан кейін ата-анасын шақырттық. Әкесі келді. Жедел жәрдем келіп, әкесі мен сынып жетекшісі  бірге еріп кетті. Қайғылы жағдай болған сәтте физика пәнінің мұғалімі мен үш-төрт оқушы болған. Осы жағдайдан кейін прокурорлар, полицейлер, білім бөлімі, балалар құқығын қорғау бөлімінен арнайы мамандар келіп, жауап алып жатыр. Ал балалармен психолог әңгімелесті", — деді №27 мектептің директоры Дәуір Төлемісов.

Ұстаздарының айтуынша, Роман өте алғыр, тәртіпті оқушы болған. Сабақ үлгерімі де өте жақсы болыпты. Отбасында — жалғыз бала.

Оқушының өліміне қатысты қылмыстық кодекстің  "Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде мектеп оқушысы партаға соғылып қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу