Пәтердегі өрт кезінде Өскеменнің өрт сөндірушілері ер адамды құтқарды

394

Қауіпсіздік мақсатында 9 тұрғын эвакуацияланды. 

Пәтердегі өрт кезінде Өскеменнің өрт сөндірушілері ер адамды құтқарды Фото: gov.kz

Бүгін облыс орталығында Островский көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің пәтерінде өрт шықты. Бірінші қабаттағы тұрғын жайда жеке киім-кешектер, жиһаз, еден жанды. Келіп жеткен өрт сөндіру бөлімшесі алаңы 5 шаршы метрді құрайтын жануды жедел түрде жойды.

№4 ӨСБ қызметкерлері өрт ошағы болған, түтінденген пәтерге кіріп, 1945 жылы туған пәтер иесін құтқарды. Сонымен қатар өрт сөндірушілерге №6 ӨСБ-дегі  әріптесі Аслан Мұқашев та көмектесті. Ол осы уақытта ауысымда жұмыста емес еді, әрбір ТЖ қызметі қызметкері ретінде бей-жәй қала алмады. Өртті жоюға барлығы 10 отпен күресуші және 4 бірлік техника тартылды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде пәтерден 2 газ баллонын сыртқа шығарады.

Өрт себебі ретінде – темекі шегуде  отпен абайсыз болу нұсқасы қарастырылуда.

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды ескертеді.

Ешқашанда пәтерлерде электр құрылғыларын тоққа қосып қалдырмаңыздар.

Шылым шеккен кезде отпен абай болыңыздар.

Электр сымдары зақымдануларын және бұзылушылықтарды уақтылы жөндеңіздер. Барлық өрттердің 45% адамдардың өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауға немқұрайлы қараулары немесе білмеулерінен болады. Профилактикалық шараның бірі, ол отпен жұмыс жасағанда адамдардың мінез-құлық мәдениетін жоғарылату, қарапайым сақтық шаралары болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу